КӨШПЕНДІЛЕРДІҢ ДӘСТҮРЛЕРІ – ЗАМАНАУИ NOMAD-ТА

Nomad жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар, оқиғалар мен жарнамалық акциялар

 КӨШПЕНДІЛЕРДІҢ ДӘСТҮРЛЕРІ – ЗАМАНАУИ NOMAD-ТА

КӨШПЕНДІЛЕРДІҢ ДӘСТҮРЛЕРІ – ЗАМАНАУИ NOMAD-ТА

«In Oil LTD KZ» ЖШС бүгінде мұнай өнімдерін көтерме және бөлшек сауда саласындағы Қазақстан нарығындағы жетекші компаниялардың бірі болып 2008 жылдан бастап солтүстік аймақа танымал «Nomad Oil» брендімен жұмыс істеп келеді.

2021 жылдың күзінен бастап компания ребрендинг жасап, желінің атауын қысқа - «Nomad»-қа өзгертеді. Бұл іс-шараның алғашқы қадамы ретінде Нұр-Сұлтан қаласындағы жаңа дизайндағы 10-шы мерейтойлы жанармай қую станциясының ашылуы болмақ.

Желіде толығымен 16 жанармай құю станциясы жұмыс істейтін болады.
Табиғи күшпен шабыттанған брендтің жаңа стилі «көшпенділерге» тән тұрақты динамика концепциясында орындалған, үнемі даму мен алға жылжу үшін заманауи ынталандырумен қоршалған.

Тұран 59/1 мекен-жайында орналасқан жаңа жанармай құю станциясының ішкі көрінісі ашықтық пен жеңілдікті бейнелейтін ашық, табиғи түстерде жасалған. Тұжырымдама элементтерінің үйлесімі тұтынушыларды барынша жайлылық пен қонақжайлылық атмосферасымен қуантады. Бұл тәсілді таңдаудың түп-негізінде күні бойы шулы қаланың күйбеңдігінде, тұрақты шиеленіс жағдайында өткізетін жүргізушілер үшін жайлылық жасау ниеті.

Бренд атауының өзі кездейсоқ емес - NOMAD халық мәдениетінің ноталарын арқау ете отырып, темір тұлпарымен қаланы аралап жүретін жүргізушілердің өмір ырғағын сипаттайды.
Алдағы жылы Нұр-Сұлтан қаласындағы желінің барлық  жанармай құю станцияларында ребрендинг өткізу жоспарлануда. Ребрендинг барысында станцияларда жанармай құю жабдықтары және басқа да техникалық құралдар жаңартылады.

Жаңа жанармай құю станциясы мұнай өнімдерінің толық ассортиментімен қатар жүргізушілерді дәмді тағамдармен ғана қуантып қоймай, жолда тамақты өзімен бірге алып жүруге ғана емес, кафеде тамақтануға бейімделген жеке отыратын демалу орындарымен де қамтамасыз етілген.

Жаңа жанармай құю станциясының ашылуымен жүргізушілерді көптеген жағымды тосынсыйлар күтуде! Веб-сайтта және компанияның ресми Instagram парақшасында жаңалықтарды қадағалаңыз және барлығын бірінші болып біліңіз!

"NOMAD" жанармай құю станциясында кездескенше!


«In Oil LTD KZ» (Ин Ойл ЛТД КЗ) ЖШС баспасөз қызметі
+7 707 862 53 15
marketing@nomadoil.kz

Возврат к списку