ДҮКЕНДЕР ЖЕЛІСІНДЕГІ НАУҚАН!

Nomad жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар, оқиғалар мен жарнамалық акциялар

ДҮКЕНДЕР ЖЕЛІСІНДЕГІ НАУҚАН!

ДҮКЕНДЕР ЖЕЛІСІНДЕГІ НАУҚАН!

2021 жылдың 12 қарашасынан бастап Nomad Oil ЖҚС-ғы шағын марттар желісінде арнайы науқан өтеді: әйнек жууға арналған сұйықтықтың белгілі бір маркаларын сатып алғанда, біздің фирмалық майлықтарымыз мүлдем тегін!


«СЫЙЛЫҚҚА МАЙЛЫҚТАР» НАУҚАНЫНЫҢ РЕСМИ ЕРЕЖЕЛЕРІ»


Бұл ресми ережелер «СЫЙЛЫҚҚА МАЙЛЫҚТАР» науқанын өткізу тәртібін, орнын және мерзімін анықтайды (бұдан әрі – Ережелер).


1.    БАСТЫ ШАРТТАР

1.1.    Науқанды ұйымдастырушы «In Oil LTD KZ» (Ин Оил ЛТД КЗ) ЖШС, заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 010000, ж. Нұр-Сұлтан, Байқоңыр ауданы, өтпе жолы 68, 5 ғимарат (бұдан әрі – Ұйымдастырушы).
1.2.    Науқанды өткізу аумағы Нұр-Сұлтан және Қарағанды қалаларындағы NOMAD OIL жанармай құю станцияларының (бұдан әрі - ЖҚС) желісі болып табылады. ЖҚС желісі туралы толық ақпарат Ұйымдастурышының www.nomadoil.kz сайтында берілген.
1.3.    Науқанның жалпы мерзімі: 2021 жылдың 12 қарашасынан 2022 жылдың 31 қаңтарына дейін.
1.4.    Науқан осы Ережеде айқындалған тәртіппен және шарттарға сәйкес өткізіледі.
1.5.    Науқанға 18 жасқа толған әрбір ЖҚС-ның тұтынушысы қатыса алады.

2.    НАУҚАНДЫ ӨТКІЗУДІҢ НЕГІЗГІ ТӘРТІБІ

2.1.    Әрбір тұтынушы әйнекті жууға арналған келесі сұйықтықты сатып алғанда:
1) Нұр-Сұлтан қаласындағы Nomad Oil ЖҚС желісіндегі «Хороший», «Торнадо», «Clean Product», «Первый километр» сауда белгілері;
2) Қарағанды қаласындағы Nomad Oil ЖҚС желісіндегі «Хороший», «Торнадо», «Clean Product», «Первый километр» және «Ice driver» сауда белгілері.
Көрсетілген әйнекті жууға арналған келесі сұйықтық сауда белгілерін сатып алғанда Тұтынушы «Nomad Oil» фирмалық дымқыл майлықтарын (бұдан әрі - фирмалық майлықтар) сыйлық ретінде алуға мүмкіндігі бар: 1 әйнекті жууға арналған сұйықтықтық бөтелкесі = 1 фирмалық майлық қорабы.
2.2.    Науқан ЖҚС желісінің жұмыс уақытында жүргізіледі.
2.3.    Тұтынушы сыйлық фирмалық майлықтарын тек әйнек жууға арналған сұйықтық сатып алынған ЖҚС-да және оны сатып алған күні ғана алуға құқылы
2.4.    Ұйымдастырушы өз қалауы бойынша ресми сайтында тиісті ақпаратты жариялап Науқанның жүлделерінің атауы мен олардың санын өзгертуге құқылы.
2.5.    Егер қандай да бір себептермен сатып алушы әйнек жууға арналған сұйықтықты ЖҚС-на қайтарса, сыйлыққа берілген фирмалық майлықтар да қайтарылуға жатады. Фирмалық майлықтар қайтарылмаған жағдайда, Тұтынушы олардың құнын әйнекті жууға арналған сұйықтықтық сатып алған күні белгіленген бағаларға сәйкес ақшалай өтейді.
2.6.    Тұтынушы бір күнде және Науқанның мерзімі аясында сатып ала алатын әйнек жууға арналған сұйықтық бөтелкелерінің саны шектелмейді. Тұтынушы ЖСҚ-да майлықтардың қолжетімдігіне қарай әйнек жууға арналған сұйықтық санына тең мөлшерде фирмалық майлықтарды алуға құқылы.
2.7.    Ұйымдастырушы өз қалауынша кез-келген уақытта науқанның ресми сайтында тиісті ақпаратты жариялау арқылы науқаннан бас тартуға немесе оның мерзімін ұзартуға, сондай-ақ осы Ережелерді өзгертуге құқылы.
2.8.    Ұйымдастырушы ұсынған фирмалық майлықтарды Тұтынушының талабы бойынша оны басқа тауарға немесе олардың ақшалай баламасына ауыстырмайды.

3.    ҚОСЫМША ШАРТТАР
3.1.    Ереженің 1.3-тармағында көрсетілген мерзім ішінде Қатысушылар, Ұйымдастырушы және басқа тұлғалар арасында Науқанға қатысты туындайтын барлық қатынастар тек ерікті түрде болады және осы Ережемен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
3.2.    Осы Ережелердің Ұйымдастырушы үшінші тұлғалармен жасасқан заңды және заңды мәні бар келісім-шарттармен қайшылықтары болған жағдайда, Науқанды өткізуге және оған қатысуға байланысты ықтимал даулар туындағанда, осы келісім-шарттардың талаптары қолданылады.
3.3.    Науқанды өткізу аумағындағы Ереженің 1.3-тармағында көрсетілген мерзім ішінде Науқанды Ұйымдастырушы және Қатысушылар болып табылмайтын үшінші тұлғалардың, оның ішінде: тауарларды өндірушілер, мемлекеттік, бақылаушы әкімшілік және басқа да органдар, ұйымдар мен азаматтар жасаған әрекеттері үшін Ұйымдастырушы жауапты емес.
3.4.    Науқанға қатысу арқылы Сіз осы ресми Ережелердің мәтінімен мұқият танысқаныңызды және ешқандай шектеулер мен ерекшеліктерсіз оның шарттарымен сөзсіз келісетініңізді деп автоматты түрде растайсыз.

Возврат к списку